Қала әкімдігінің мәліметінше, екі апталық тексеруден кейін 39 кәсіпкер «Ashyq» жүйесінен шеттетілді. Талапты сақтамағаны үшін оларға жүйеге кіруге тыйым салынды.
Бүгінде қала бойынша жобада 2300-ден астам қатысушы бар. «Ashyq» жүйесі карантин режимінде жұмысты қалпына келтіруге септігін тигізді. Кәсіпкерлік нысандардың жұмысын мониторинг тобы тексереді.
Жоба тексерушілерінің айтуынша, жобадан шеттетілуге келушілердің мекемеге кірген кезде QR-код арқылы сканерленбеуі себеп болған.
9 сәуір мен 1 шілде аралығында «Ashyq» мобильді қосымшасының көмегімен Алматының 1463 тұрғынында 2 «қызыл» 372 адамда «сары» белгі анықталды.
Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан мәліметке сәйкес, биыл 28910 нысан тексеріліп, карантин шараларын бұзған 2546 нысан анықталды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа 75 материал жолданды. Оның 64-і бойынша қызметті уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.