ҚР ТЖМ таратқан хабарламаға сүйенсек, 30 қараша күні түскі сағат екіде, Төле би мен Гайдар көшелерінің қиылысында 800 мм көлемде магистральді жылу трассасы жарылып, оның салдарынан 4 әкімшілік ғимарат, 1 балабақша мен бес қабатты 14 тұрғын үй жылу мен ыстық судан ажыратылды.
Төтенше жағдайды жоюмен қазір «Жылу» ЖШС-ның 20 адамы айналысуда және 3 техника жұмылдырылды..