Алматыда 4 балалы отбасы жол апатынан жапа шекті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 4 балалы отбасы жол апатынан жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Опель» көлігі шығыс айналма жолымен келе жатып жол шетіне шығып кеткен.

Көлікте 4 балалы отбасы болған.

Əзірге жол апаты неден болғаны белгісіз.

Оқиға орнында жол полициясы жұмыс жасап жатыр.

Жарақат алған анасы мен 4 бала ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға куə болғандардың айтуынша, Опельді басқа көліктер қысып жіберген.

Соңғы жаңалықтар