деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның азаматтық альянсының президенті Айгүл Соловьеваның айтуынша Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы Астана қаласында өткен. Оған барлық аймақтық үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері қатысқан. Алматы - азаматтық қоғам институттары жеткілікті дәрежеде күшті дамыған орталықтардың бірі болғандықтан бүгін бұл шара осында жалғасып отыр. "Қазан айында Астанада ҚР Президентінің қатысуымен 4-ші Азаматтық форум өтеді. Екі жылда бір өтетін бұл шарада үкіметтік емес сектор азаматтардың әлеуметтік сезімін жақсартудағы өз ұстанымдарын білдіреді. Елбасы бекіткен "Азаматық қоғамды дамыту тұжырымдамасының" алғашқы кезеңі аяқталғандықтан алдағы форумда оның қорытындысы шығарылып, жұмыс сапасына баға берілгелі отыр. Бұл қолданыстағы заңдарды жетілдіру арқылы үкіметтің әлуеметтік маңызы бар шешімдерді қабылдауына ықпал ету үшін керек", дейді Айгүл Сағадибекқызы.
Қазақстанның азаматтық альянсының атқарушы директоры Шолпан Әйтенованың сөзіне қарағанда, бұл форумда республикалық 3-ші "Таным" байқауының қортындысы шығарылады. Сондай-ақ ең үздік үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын насихаттауға арналған көрме өтеді.