Парламент Сенатының депутаттығынан үміткер Ақан Бижановқа мәслихаттың 37 депутатының отырысқа қатысқан 34-інің 30-ы дауыс берді. Ал, өзін-өзі ұсынған Садуақас Ерболатқа 3 және Қожахмет Назарбековке 1 депутат өз даусын беріп отыр.
Парламент Сенатының депутаты және Сенаттың әлеуметтік даму комитетінің төрағасы Ақан Құсайынұлы Бижанов 1949 жылы 21 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. «Нұр Отан» ХДП мүшесі, мамандығы инженер-электрик, және саясаттану ғылымының докторы. Отбасында 2 ұлы бар. Жұбайы Ғалия Мақашева химия ғылымдарының докторы.