деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көшеттерді отырғызу жұмыстары Төле би - Марғұлан және Момышұлы - Саин көшелерінің қиылысында жүргізілді. Аталған шараға 60-қа жуық адам қатысып, 40-қа жуық қарағай отырғызылды. Ағаш отырғызу рәсімнің негізгі мақсаты қаламыздың экологиясын жақсарту, көгалдандыру, сонымен қатар, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау.