26 тамыздағы жағдай бойынша Алматы қаласында жұмысын қайта жандандыруға 43 849 өтініш берілді.
«Олардың ішінде кеңсе қызметі - 8403, өндірістік кәсіпорындар - 1184, бизнес орталықты жалға алушылар – 3368, базарда орын жалдаушылар – 3785, сауда ойын-сауық орталықтары –6087», - деп атап өтті Алматыдағы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, ҚР Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысына сәйкес жұмысты бастауға рұқсат алу үшін кәсіпкерлік субъектілердің барлығына электронды цифрлық қолтаңба арқылы www.infokazakhstan.kz сайтынан тіркеуден өту қажет.