Қайғылы жағдай Ә.Бөкейханов көшесінде Ангарская көшесіне жетпей болған. «Лада приора» көлігінің жүргізушісі 40 жастағы ер адамның өліміне себепкер болды.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам көшені жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан 10-15 метр алшақтау жерден кесіп өтпек болған.
Соққыдан ер адам оқиға орнында жан тапсырды.