Арық желілерін түгендеу жұмыстары қала басшысының тапсырмасы бойынша жағдайдың өзектілігі, бұрыннан бар арық жүйесі мен жауын кәріздерінің карта-сызбасын әзірлеу мақсатында жүргізілді. Сондай-ақ, жасыл желектерді сумен қамтамасыз етудің және жаңбыр суларын ағызудың кешенді шараларын дайындау міндеті қойылды.
Түгендеу нәтижесінде 1523 шақырымды құрайтын суармалы арықтың жалпы ұзындығы белгіленді. Соның ішінде аудандық әкімдіктер еншісінде - 1138 шақырым, аула аумағында - 245 шақырым, саябақ аймақтарында - 60 шақырым. Сондай-ақ, 424 шақырым арық желісі қайта қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді. Суару үшін 168 шақырым арық қолданылады.
Нысандардың төлқұжаттары бойынша геодеректер базасы жасалды, түгендеу карталарының кешені, сондай-ақ арық желілері ме жаңбыр кәріздерін абаттандыру бойынша ұсынымдар әзірленді.