Алматыда 450 млн. теңге көлемінде салықты төлеуден жалтарған жалған кәсіпорын анықталды
Прокуратура қызметкерлері «Polocon» ЖШС-ның Алматы қалалық Әділет департаментінде тіркелуін заңсыз деп шешті.
Қазір аталған кәсіпорынның мойнында төленбеген салық түрінде 450 млн. теңге қарыз бар.
Прокуратура өкілдері тексере келе пирамиданың бір мүшесі, ірі контрагент - салық салынатын айналымы 320 млн теңге болатын (оның ішінде 36 млн. теңге ҚҚС) «АлматыДорМостПроект LTD» ЖШС-ін анықтады.
Іс материалдарына сәйкес, «АлматыДорМостПроект LTD» ЖШС аталған жалған кәсіпорынмен келісім-шартқа отырып, қызметін пайдаланып, тауарын сатып алып, заңды кәсіпкерлік қызмет атқарған кейіп жасаған.
Қазір ЖШС басшылары ҚР ҚК 192 бабының 1 тармағы (жалған кәсіпкерлік), 218 бабы (бухгалтерлік есептеу ережесін бұзу), 222 бабы 3 тармағы (салық төлеуден жалтару) бойынша айыпты деп танылып шартты түрде жазаға тартылды.