Журналистің хабарлауынша, қыздың өліміне күдікті - 47 жастағы қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек.
Қаза тапқан бүлдіршін одан шамамен 15 жас кіші жолдасының (аула сыпырушы) бірінші некесінен туған қызы болған.
Алматы қалалық полиция департаменті Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігімен тергеліп жатқанын хабарлады.
«Күдікті – 1976 жылы туған Т. есімді азаматша ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің даспасөз қызметі.
Еске салайық, кеше Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз бала азапталып өлтірілген еді.
Қайғылы оқиға туралы Мемлекет басшысына мәлімет берілген болатын