Алматыда 5 айда дүниеге келген сәбилер саны 6,1 пайызға ұлғайды

None
АЛМАТЫ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ресми тіркелгендер мен медицина мекемелерінде тіркеуде тұрғандардың айырмасы 1 миллион 120 мың адамды құрайды. Бұл бүгін Алматыда өткен қалалалық прокуратураның алқа мәжілісінде айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматыда жыл басында тіркелген халықтың саны 1 миллион 404 мың адам болды. Ал медицина мекемелерінде тіркелген адамдың саны 2 миллион 525 мыңды құрады. Айырма 1 миллион 120 мың. Өзге өңірлерден әйелдер мұнда көбіне босану үшін келеді», дейді қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов. Оның айтуынша, былтыр қалада дүниеге келген сәбилердің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 34 мыңға дейін азайған еді. Биыл 5 айда өсім 6,1 пайызды құрап отыр.