АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алмалы ауданының өрт сөндіру бөліміне бүгін сағат 16.42-де Жібек жолы даңғылы, 188 үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрттің жоғарғы қабат пен көрші пәтерлерге жайылу қаупі туындады. Өрт 25 шаршы метрді шарпыған. Пәтерде жиһаз бен ағаш заттар өртенген. Өртті сөндіруге 6 техника, автобаспалдақ, 28 өрт сөндіруші жұмылдырылды.
Өрт толығымен сағат 17.34-те сөндірілді. Төтенше оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.