«20 қыркүйекте Момышұлы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысында жаңадан салынып жатқан мейрамхана жанында жерасты жұмыстарын жүргізу кезінде Нұркент 1-2 (Атлеттер ауылы) және Алмалы ықшамаудандарын, №201 мектеп пен балабақшаны электр жарығымен қамтамасыз ететін кабель зақымданған», - деп хабарлады әкімдіктен.
Соның салдарынан 5365 жеке және 44 заңды тұлға жарықсыз қалған. Апатты жоюмен «АЖК» АҚ-ның 3 арнайы техникасы және 5 жұмысшысы айналысуда. Кешкі сағат 19.00-де электр жарығы қайта берілетіні уәде етілді.