23 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 39 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар – 8 , келіп түскені – 24.
«Инфекциялық стационарларда 147 адам бар. (Төсек-орын 894) Оның ішінде 6 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 24 адам жатыр.
Ал 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 6 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 259 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 239 науқас. 20 адамда коронавирус белгілері жоқ.