АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулік ішінде 609 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның ішінде 1-компонентін 172 адам, 2-компонентін 437 адам салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 13 наурызы аралығында қалада 1 150 110 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 112 300 адам екінші компонентін салдырған», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын 58 696 адам салдырды. Оның ішінде 3 351 жүкті әйел, 12 867 бала емізетін ана және 42 369 жасөспірім бар.
263 632 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
«Бүгінгі таңда қалада медицина мекемелерінде 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 175 вакцинация бригадасында 555 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.