«Алматы индустриялық аймағында жыл соңына дейін іске қосуды жоспарлап отырған кәсіпорындар тізімінде: «Қаз-Диа-Тест» фармацевтикалық зауыты, VALTHERM радиаторларын, City Stone тастан жасалған бұйымдарын, Teplostil термопанельдерін, Stroy Production газобетонды блоктарын және «ЭлектроБар» электр техникалық бұйымдарын өндіру зауыты бар», - дейді спикер.
Бұдан бөлек, жалпы өндірістік алаңы шамамен 16 мың шаршы метр болатын 4 өнеркәсіптік паркті ашу көзделген. Онда жеңіл, тамақ өнеркәсібі және металл өңдеу саласындағы 24 компания орналастырылатын болады.
Берік Солтанбаев Алматыда фармацевтика және аспап жасау саласы белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.