Алматыда 6 жастағы қыз өзенге ағып кетті
19:14, 24 Шілде 2017
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 6 жастағы қыз бала өзенге ағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға Медеудегі Бутаков шатқалында түскі 14:10 шамасында болған.
ҚР ТЖМ ТЖК таратқан ақпаратқа сəйкес, 6 жастағы бүлдіршін ата-анасымен демалуға келген. Туысқандары бір мезетке баланы қараусыз қалдырып кеткен. Өзен жағасында ойнап жүрген бала абайсызда өзенге құлап кеткен. Буырқанған ағыс баланы ағызып əкетті.
ТЖК қызметкерлері бүлдіршіннің денесін 15:45 тапты.
Мекеменің мəлімдеуінше, 21-23 шілде аралығында 16 адам суға кеткен. Олардың 4-і бала.
Атап айтқанда, Алматы облысындағы Шеңгелді ауылындағы жасанды су қоймасында 11 жастағы қыз бала батып кетсе, Қарасай ауданындағы Долан өзеніне 1 жастағы бала ағып кетті.
Сондай-ақ, ОҚО Мақтаарал ауданында ата анасының қарауынсыз қалған 2 жастағы бала каналға ағып кетті.