Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 29 наурыз аралығында қалада 1 156 976 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 125 557 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде жасы 60-тан асқандардың саны 125 067», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасымен барлығы 62 222 адам егілді. Оның ішінде 3 518 жүкті әйел, 13 636 бала емізетін ана және 44 402 жасөспірім бар.
«Қазір қалада медицина мекемелерінде 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 175 вакцинация бригадасында 555 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.