Алматыда 60 тоннадан астам американдық тауық етін тиеген контрабандалық тауар тәркіленді

АЛМАТЫ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы қаласы Кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасы және Әуезов ауданы АІІБ қызметкерлері қалалық сүт зауыты аумағында 60 тоннадан астам АҚШ-тың тауық өнімін тәркілеген.

Контрабандалық тауарлар Қырғыз Республикасының мемлекеттік нөмірі бар үш ауыр көлікке тиелген. Көліктерді тексеру барысында бетін картоппен жапқан американдық тауық еті салынған жәшіктер табылған.

Айта кету керек, ресми кеден ресiмдеуiне сәйкес, тоңазытылған ет мiндеттi түрде санитарлық бақылаудан өтедi, мұндай тауардың қауіпсіздік дәрежесi тасымалдау мен сақтау үдерістерімен қатты реттеледi. Ал мына жағдайда гигиена мен ет сақтаудың қарапайым нормалары тiптi қолданылмаған. Аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.