Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 25 маусым күні 10 725 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 25 маусым аралығында қалада барлығы 413 703 адамға екпе салынды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер - 59 590.
Қалада 208 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады ведомстводан.
«Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 51 847 дозасы және екінші компоненттің 105 279 дозасы бар» - деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.