29 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 62 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар – 7 , келіп түскені – 14 Инфекциялық стационарларда 128 адам бар. (Төсек-орын 894) Оның ішінде 3 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 26 адам жатыр. Ал 12 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 6 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 330 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 308 науқас. 22 адамда коронавирус белгілері жоқ.