Аудан әкімі аула аумақтарын абаттандыру ғана емес, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жағдайды жақсарту маңызды екенін атап өтті.
«Қазір ауданда 1 395 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның үстіне «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында 37 үйде 102 лифт жабдығы жаңартылды. Шевченко көшесіндегі тұрғын үйдің шатыры мен қасбеттерін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, бес көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шатырлар мен инженерлік желілер ауыстырылып, ғимараттардың қасбеті өзгертіліп жатыр», - деді Ержан Сейтенов.
Оның айтуынша, биыл жоспарланған жөндеу жұмыстарының ішінде 12 көпқабатты 10 үйдің қасбеті жөнделген, қалған екі үйдің жөндеу жұмысы осы айда аяқталады.
Сондай-ақ әкім 66 аула аумағында күрделі жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанын және ол осы күзде аяқталатынын жеткізді.