Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Қайғылы жағдай өткен түнде Алматының Әуезов ауданында Саин мен Төле би көшелерінің қиылысында болған.
Саин көшесімен солтүстікке қарай бағыт алған «Hyundai» көлігінің жүргізушісі 1954 жылы туған П. атты әйелді қағып кетті.
Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.
«Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелді. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды» деп хабарлады полициядан.