Қалалық әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл жәрдемақыны алу үшін бүгінде Алматы қаласында кәсіпорындардан 2247 өтініш келіп түскен. Бұл кәсіпорындарда 7306 адам жұмыс істейді. Олардың 6650-іне 1 ең төменгі жалақы мөлшерінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан – 42500 теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік көмек бөлу туралы шешім қабылданды», - деді баспасөз қызметінен.
12:32, 04 Сәуір 2020
Алматыда 6650 тұрғын 42500 теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік көмек алды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда төтенше жағдайдың салдарынан табысынан айрылған 6650 адам 42500 теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.