Жедел тергеу жұмыстары барысында құны 27 млн теңге болатын 1 млн маска тәркіленді.
Заңсыз саудамен айналысқан адамдарға қатысты ҚР 189-бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Белгілі болғандай, бұйымдар астыртын қоймадан шыққан. Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері сол жерге барып, жедел тергеу амалдарын жүргізді.
Тінту барысында 6 млн 400 мың маска табылды.
Жалпы кеше Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі 7 млн 400 мың маска тәркіледі.