Спикердің айтуынша, биыл жабық спорттық нысандардың құрылысы еселенген. Бұл объектілер тәулігіне шамамен 10 мың адамды қабылдауға жетеді.
Қазіргі уақытта Алматыда бюджет қаржысы есебінен жеті спорттық нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның ішінде алты спорттық-сауықтыру кешені мен теннис орталығы бар.
Сонымен қатар, жекеменшік ұйымдар бес ірі спорт нысанын салып жатыр. Атап айтар болсақ, үстел теннисі орталығы, Сұңқар ХШТК дене шынықтыру-сауықтыру кешені, «Жұлдыз» ықшамауданындағы спорт кешені, Май Вин дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Әуезов ауданындағы күрес орталығы. «Жан досым» теннис орталығы пайдалануға берілді.
2021 жылы аудандық әкімдіктер дене шынықтыру-сауықтыру орталықтарын орналастыру үшін қосымша жер телімдерін берді. 14 учаскенің жетеуі қаланың коммуналдық меншігінде, қалған жетеуі жекеменшікте.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қорда орналасқан ауданы 0,3-тен 1 га дейінгі жеті учаске үшін қала құрылысы және урбанизм бөлімі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялады.
Сонымен қатар, Атлетикалық ауылдың іргелес аумағында жабық жеңіл атлетикалық манеж салу жоспарда. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге тендер өткізіліп жатыр.
Спикер атап өткендей, 2022-2024 жылдарға арналған Спорт басқармасы жалпы сомасы 3 миллиард 83 миллион теңгеге қаланың спорт ұйымдарын қажетті инвентарьмен және құрал-жабдықтармен кешенді түрде кезең-кезеңімен жабдықтау жоспарын дайындады.