Қыркүйектің 9, 10-ы күндері Орталық цирк залында өткен концертте еліміздің ең жас әншісі көрермендерге өзінің ең үздік деген әндерін орындап, атақты Майкл Джексон билерін сомдады. Сонымен бірге, басты демеушісі - әкесі Қанат Ибрагимовпен бірлесіп ән шырқады.
Концерт алдында журналистерге берген сұхбатында кішкентай Ермек өзінің әйгілі Майкл Джексонға ұқсағысы келетінін де жасырмады. Оның тұңғыш жеке концертіне Саят Медеуов, Айқын Төлепберген, Мәдина Сәдуақасова және т. б. елімізге танымал әншілер мен сахна шеберлері қатысты. Жалпы концертті «Өнер қырандары» әзілкештер тобы жүргізді.