Алматыда 70 билбордқа демонтаж жасалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда абаттандыру қағидаларына сәйкес келмейтін 70 билбордқа демондаж жасалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қалалық әкімдікте хабарлағандай, алты жарнамалық компания 70 билбордты өз еріктерімен  жөндеді. Еске салсақ, өткен жылғы қарашада қаланы абаттандыру қағидасына өзгерістер енгізілді. Ол кезде барлық билбордтар бір көлемде, бір стандартта болуы тиіс деген шешім қабылданған. Таяуда стандартқа  сәйкес келмейтін барлық  жарнамалық стендтер жойылады. Олардың орнын барынша тартымды, заманауи құрылымдар басады.

Алматы сәулет және қала құрылысы басқармасының деректеріне сәйкес бүгінде қалада 1645 жарнамалық құрылым бар, олардың көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін 594-іне демонтаж жасалды.  Қазіргі уақытта Алматыда жаңа форматтағы 464 құрылым бар. Бұзушылықтар толықтай жойылғанша, жұмыс жалғаса бермек.