Шұғыл тексерістің арқасында соңғы бір айдың ішінде Алматы полицейлері 73 ойын залдары мен жасырын казиноларды анықтап, 954 ойын аппараттарын, 2,5 миллион теңге мен үш мың доллардан астам қаражатты тәркілеген. Бұл туралы ақпаратты Алматы қаласының ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
«Заңсыз ойын бизнесімен күрес жүргізу үшін қала бойынша 7 арнайы топ құрылды. Бұл жұмысқа сонымен қатар, учаскелік инспекторлар, криминалдық полиция қызметкерлері мен полицияның кешенді күші тартылды. Тексеру рейдтері күндіз де, түнде де жүргізілді. Соңғы түндері біздің қызметкерлер алты жасырын ойын мекемелерін жапты», - деді Алматы қаласының ІІД-нің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқарма бастығының орынбасары Бақыт Балғымбаев. Оның айтуынша, көп жағдайда ойын залдары тұрғын үйлер аумағында, аялдамаларда, сауда үйлері мен базарларда орналасқан.
«Бірінші кезекте қылмыстық жауапкершілікке ойын залдарының әкімшілігі мен кассирлері тартылады. Ұсталғандардың көпшілігі заңды білген жоқпыз деп жалтаруда. Бірақ, бәріңіз білетіндей олардың барлығы жауапкершіліктен босатылмайды. Заңсыз ойын бизнесімен күрес жылдың соңына дейін жалғасатын болады. Жақын арада сот шешімімен көпшілік, қалың жұртшылық алдында тәркіленген ойын аппараттары жойылатын болады. Бұл акцияны біз БАҚ, «Нұр Отан» ХДП-мен бірге өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Б. Балғымбаев.