15 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 114 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 111, симптомсыз – 3 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 157, келіп түскені – 72.
«Инфекциялық стационарларда 748 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1774), оның ішінде 18 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 81 адам жатыр. Ал 14 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 40 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 18 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулатория бақылауында 1 265 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 1204 науқас. 61 адамда коронавирус белгілері жоқ.