Қайғылы жағдай бүгін Майлин көшесінің бойында Богдан Хмельницкий көшесіне жетпей орын алды.
Майлин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota Prado көлігі жаяу жүргіншіні өткізу үшін жолда тоқтайды.
Алайда оның артында келе жатқан Мерседес жүк көлігі жылдамдығын азайта алмай, Toyota Prado көлігін соғып жібереді. Ал ол өз кезегінде әйелді қағып кетеді. Соққыдан 76 жастағы қарт әйел бірнеше метрге ұшып кеткен.
Toyota Prado жол бойындағы ағашты қиратып бірақ тоқтаған.
Жол апатынан кейуана тіл тартпастан көз жұмды. Оқиға орнында полиция жұмыс жасап жатыр.