АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Эпидемиологиялық маусымда Алматы қаласы бойынша 77 мың тест жасалды. Оның 55 мыңы ПТР, 22 мыңы жедел тест. Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, қаладағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы бір аптада Алматыдағы жұқтыру динамикасы 6% деңгейінде.
«Статистиканың өсуіне қорықпауға болады. Бұл тұрғындардың кең көлемде тестілеудің нәтижесі.Осы уақытқа дейін 77 мың адам тестілеуден өтті. Олар медицина, әскери және әлеуметтік сала қызметкерлері»,– деді Жандарбек Бекшин.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.