«Қалада 7771 көп пәтерлі тұрғын үй бар. Онда жеке пәтер иелері кооперативі, кондемениум және сол сияқты басқа да 743 басқару органдары қызмет жасайды. Кондемениум нысаны ретінде оның қазіргі таңда 1177-сі мемлекеттік тіркеуден өтті. 20-25 жылда бір рет күрделі жөндеуден өтуі тиіс тұрғын үй саны - 4446. Бұл жалпы тұрғын үй қорының 50 пайыздан астамы. Ал пайдалануға берілгеніне 50-жылдан асқан үйлердің саны 1441. Бұл тұрғын үй қорының 19 пайызы», - дейді қала әкімінің орныбасары Ербол Шорманов. Е.Әлімқұлұлының айтуынша, қалада 4 мыңнан астам лифт бар. Оның 3 мыңға жуығы тұрғын үй қорында. Олардың 700-нің нормативтік мерзімі өткен. Олардың пайдалауға берілгеніне 25 жылдан асып кетті.
Қала әкімінің орынбасары: «2011 жылы республикалық бюджеттен тұрғын үй қорын жөндеуге 807 миллион теңге қаржы бөлінді. Оған 66 үй және 6 үйдегі 19 лифт жөнделді. Сондай-ақ аталмыш үйлер «Алматы аулалары» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен көгалдандырылды», - деді.