Алматыда 8 адам иіс тиіп ауруханаға түсті - ТЖМ
09:07, 28 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Шаңырақ ықшам ауданындағы жер үйлердің бірінде пештің ақауы салдарынан 8 адам көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, оқиға желтоқсанның 28-і күні таңғы сағат 4-тің шамасында болған. Иіс тиіп уланғандардың арасында 6 жастағы екі бала бар.