Оның 8-і - балалар. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.
Өрт туралы хабарлама кешкі 20.57-де түскен. Баспасөз хатшысының айтуынша, жертөледе электр қалқаншасындағы сымдардың қысқа тұйықталуынан өрт тұтанған. Өртті сөндіруге 6 арнайы техника мен 22 адам жұмылдырылды. Тілсіз жау 21:31-де ауыздықталды.