Сол ардагерлердің бірі бүгін 90 жасқа толып отырған Павел Александрович Свириденко. «Сізді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын. Туған күніңіз құтты болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға береке-бірлік тілеймін. Алдағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ойдағыдай атап өтуіңізге тілектеспін. Сізге Жеңістің 100 жылдығын тойлау нәсіп етсін. Сіздің отан үшін қан майданда көрсеткен ерліктеріңіз бүгінгі ұрпақ үшін үлгі» - деді әкім. «Мені ұмытпағандарыңызға рахмет! Елбасының бізге құрмет көрсеткеніне алғысым шексіз! Мен Қазақстанның болашағына сенемін! Ешқашан соғыс болмасын», - деп ардагер көзіне жас алды. Аудан әкімі ардагерге Елбасының құттықтау хаты мен Жаңа жылдық сыйлық тарту етті.
22:14, 29 Желтоқсан 2014
Алматыда 90-ға толған ардагерге Елбасы атынан құрмет көрсетілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Раушан Асанова бірқатар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйінде болып, оларды Елбасы атынан Жаңа жыл мерекесімен және алдағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.