Алматыда 98 бес қабатты үй «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы тұрғындарға беріледі
«Саялы» ықшамауданы Ақын Сара көшесінің солтүстігі мен Сайын даңғылының шығыс жағында орналасқан. Аумағы 24,7 гектар. Ол жерде құрылыс жұмыстары 2014 жылдан бері жүргізіліп келеді. Қаланың және Алатау ауданының бас жоспары бойынша барлығы 98 бес қабатты тұрғын үй бой көтереді. Әзірге 68 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Жалпы, құрылыс жұмыстары 2016 жылдың соңы мен 2017 жылдың басында аяқталады. Сөйтіп, барлығы 3270 пәтер пайдалануға беріледі. Бір айта кететін жайт, олар тұрғындарға тек арнайы мемлекеттік бағдарламалар арқылы таратылады. Яғни, ол пәтерлердің кілті, жергілікті мемлекеттік органдарда тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарға, сондай-ақ, «Қол жетімді баспана-2020» және «Жалдамалы тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламалары бойынша беріледі», - деді Ж. Айтілеу.
Сонымен қатар, ол бұл ықшам ауданда тұрғын үйлермен қатар, барлық инфрақұрылымдар да бой көтеретіндігін жеткізді.
«Саялы» ықшам ауданы аумағында 1200 орындық бір мектеп, 320 орындық екі балабақша салынады. Олардан басқа, спорт алаңдары, гүлзарлар, шағын саябақтар, веложолдар, бес қабатты көп деңгейлі екі автопаркинг, емхана, дәріханалар, дүкендер және басқа да әлеуметтік нысандар бой көтереді. Бір айта кететін жайт, бұл әлеуметтік нысандардың көбісінің құрылыс жұмыстары байқау арқылы жеке құрылыс компанияларына беріледі», - деді Ж. Айтілеу.