Алматыда А/H1N1 тұмауының алғашқы оқиғасы тіркелді

АЛМАТЫ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Лидия Кошутская/ - Алматыда А/H1N1 тұмауымен ауырудың бірінші оқиғасы тіркелді. Бұл ақпаратты Алматы қаласы денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары Айзат Молдағасимова

ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында    растады.

Республикада А/H1N1  тұмауының    алғашқы  оқиғалары Астанада  тіркелген болатын.   Ұлыбританиядан   оқып  келген алты бала ауырғанын  ҚазАқпарат  бұдан бұрын хабарлаған болатын.  

Қазақстан  бойынша    қазіргі уақытта   доңыз тұмауының  13  оқиғасы тіркеліп  отыр.   Осы уақытқа дейін аталған тұмау анықталған  сегіз  адам карантиннен алынды.