деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өнер мұражайына сілтеме жасап.
Көрмені суретші Майса Ықыласованың кураторы Сандуғаш Мырзабекова ұйымдастырып отыр. Майса Ықыласова Д. Сүлеев, Ж.Қайрамбаев, В. Рахманов сынды өнер тарландарынан дәріс алған белгілі қылқалам шебері. Суретші туындылары Түркия, Германия, АҚШ коллекционерлерінің меншігінде сақтаулы. Бұған дейін «Миллион бояу», «Мұқағали» сынды жеке көрмелері Астана, Павлодар қалаларында өткен болатын.
Алдағы көрмеден оңтүстік астана қонақтары мен тұрғындары суретшінің бүгінгі өмірге байланысты махаббат, туған жер, жеке адамдарға арналған шығармаларымен таныса алады. Сонымен қатар, батикте орындалған туындыларының жаңа қырларын көре алады. Көрме тамыз айының 28-не дейін өтеді.