Кеш аясында "Отан үшін өмір" атты деректі фильмнің таныстырылымы болды. Фильм жазушы-пушкинтанушы Николай Раевский туралы баяндайды.
"Бұл фильм негізінен 1987 жылы Қазақ телевидениесінде Мәскеудің Орталық телевидениесімен, сонымен қатар Чехословакия телевидениесімен бірігіп түсірілген болатын. Түсірілімдер Алматыда, Прагада,Теплицада, Мәскеуде, Ленинград және тағы да басқа қалаларда Николай Раевскийдің көзі тірі кезінде, өзінің қатысуымен жасалған. Фильм дайын болғанда біз оны осы жерде көрсеткен едік. Фильм "Тірі адамның хаты" деп аталды", деді фильмнің режиссері Александр Головинский.
Оның айтуынша, фильм 90-шы жылдары, қайта құру кезінде белгісіз себептермен жоғалып кеткен. "Мен сол фильмнің авторы, режиссеры ретінде оны басқа елдерден ұзақ іздеген едім. Өйткені, Қазақстанда Николай Раевский туралы түсірілген бірде -бір дүние қалмады. Біз сондықтан, Ресей Мемлекеттік телерадио қорына хабарласып, 1 жылдан аса келіссөздер жүргіздік. Міне, фильмнің көшірмесін Қазақстандағы еншілес Ресей Жинақ банкінің қаржылай көмек беруінің арқасында елге қайтарып алдық. Дәл біз түсірген фильм болмаса да, бұл лентада біздің түсірілімнің 90 пайызы алынған", деді режиссер А. Головинский.
Ол сонымен қатар, «Николай Раевскийдің шығармаларының оқырмандары көп және автордың арқасында пушкинтану саласы кітап сүйер қауымға қызықты болды», деп атап өтті.