Қала әкімімен кездесуде Әуезов ауданының тұрғыны Абай даңғылының Әшімов көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігінде қоғамдық көліктерге басымдық беруді сұрады.
Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев Абай бойынан Момышұлы көшесіне дейін арнайы жолақ бар екенін айтты.
«Алдағы уақытта қоғамдық көліктердің жұмысын жақсарту үшін арнайы жолақпен қамтамасыз етуге болады», - деді басқарма басшысы.
Қала әкімі Ерболат Досаев бұл мәселені қарап, ұсыныс енгізуді тапсырды.
«Жолақты көшенің оң жағына да, сол жағына да, батыс-шығыс бағытта Абай даңғылы бойымен соңына дейін жеткізейік», - деді қала әкімі.