Алматыда Абай даңғылының ұзартылуы көлік өткізу қабілетін 30% жақсартты

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай даңғылының ұзартылуы көлік өткізу қабілетін 30 пайызға жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек бір апта бұрын қалада екі жол қолданысқа берілгенін айтты.

«Бірінші аралық талдау жүргізілді, оның нәтижесі бойынша көлік өткізу қабілетін Абай даңғылының созылғаны - 30 пайызға, ал Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшелерінің қиылысында көлік жолайрығын салу және іске қосу - 25 пайызға жақсартты. Айтпақшы, аталған жолайырық қақтығыс нүктелерінің санын азайтуға және өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік берді, бұл экологиялық жағдайға және жалпы жол қауіпсіздігіне жақсы әсер етті. Ал, Абай даңғылы Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін, батыс бағытта созылғаннан кейін Саин және Момышұлы көшелерінің қиылысындағы бағдаршамдардың жұмыс режимін реттедік. Бұл Шаляпин, Жандосов және Райымбек даңғылындағы көлік жүктемесін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді», – дейді Нұрлан Аманбек.

Спикердің сөзінше, қазіргі уақытта Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында, Бұқтырма және Құлжа тасжолының қиылысында жолайрық құрылысы, сондай-ақ Саин көшесін ұзарту, Мөңке би көшесімен қиылысында жолайрық салу жұмысы жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар