Алматыда "Абай оқулары" өтеді

АЛМАТЫ. 8 тамыз. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 10 тамыз күні кешкі сағат 17.00-де Абай атындағы опера және балет театры алаңында "Абай оқулары" өтеді.

Дәстүрге айналған шараға ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, жастар мен мектеп оқушылары қатысады.

Шара барысында кітап саудасы ұйымдастырылып, арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылатын болады.

Аталмыш шараның ұйымдастырушысы - Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы.