деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Концертте Нұрғали Нүсіпжанов «Тобылды толқытып», «Шілдехана жырын» айтып, Мұрат Тоқашбаев «Туған жерді» сағынтты. «Батыр бала Болатбек» (Әйгерім Қалаубаева), «Жеңешеге» (Дана Маханбаева), «Бойдақ болып жүрмін әлі» (Асқар Жүнісбеков) деп сыр ақтарды. Таңат Мамырханұлы «Сағыныш екен бала кез», Тамара Асар «Әлі есімде» деп «Жайық қызы» (Сұлушаш Нұрмағамбетова) мен «Маржан қыздың» (Жұбаныш Жексенұлы), «Орамалын» (Әділ Сламхан) еске түсірді.
«Бұл шараны біз 2005 жылдан бері өткізіп келе жатырмыз. Әбілахат Есбаевтың 85 жылдығына арналған ән кеші күзде Астанада өтетін болады. Оған дейін әйгілі сазгердің ән жинақтары мен естеліктер кітабы шығарылады. Біз Алматыдағы мектептердің біріне Әбілахат Ысмағұлұлының есімін беру таралы қаланың қазіргі әкіміне де, бұрынғы әкіміне де арнайы хат жолдағанбыз. Ол жүзеге асқанша әлі де жазып, айта беретін боламыз. «Ұстазым менің ұстазым» деп ұстаздарға мәңгі өлмес ән жазған адамға мектептің атын бермегенде кімге береміз», дейді Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясының директоры Қалдыбек Құрманәлі.
Әбілахат Ысмағұлұлы 1925 жылы қарашаның 21-інде Қостанай облысының Амангелді ауданында №2 ауылда дүниеге келіп, 1976 жылы мамырдың 10-ында Алматыда 51 жасында дүниеден озған болатын. Ұстазы А.Сапақовтың өлеңіне жазылған «Туған ел» деп аталатын ең алғашқы туындысын 1942 жылы 17 жасында өмірге әкелген сазгер негізінен ән жанрындағы шығармаларды өмірге әкелді. Сондай-ақ С. Адамбековтің «Күн мен көлеңке» Ә. Тәжібаевтың «Той боларына», Қ. Аманжоловтың «Досымның үйленуі» спектакльдеріне, И. Байзақовтың поэмасы бойынша қойылған радиоқойылымға музыка жазды.