Алматыда адам көп жиналатын орындарға 3050 бақылау камерасы орнатылады
14:39, 04 Наурыз 2022
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қосымша әлеуметтік нысандар мен адамдар көп жиналатын орындарда 3050 сыртқы бақылау камерасы қосылады. Бұл туралы қала мәслихатының XVI сессиясы барысында шаһар басшысы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қаланың құқық қорғау органдары мен Азаматтық қорғанысының материалдық-техникалық базасы қалпына келтіріліп қана қоймай, нығайтылатын болады. Қосымша әлеуметтік нысандар мен адамдар көп жиналатын орындарда 3050 сыртқы бақылау камерасын қосу жоспарлануда», – деді қала Ерболат Досаев.
Бұған дейін Алматы әкімі бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтандырылатынын айтқан болатын.
Оған жергілікті бюджеттен биыл 5,3 млрд теңге бөлінеді.