«Ұсталғандардың 1991 жылы туған Р.Ситақтың өліміне қатысы болуы мүмкін. Күдіктілер 1993 және 1994 жылдары туған ШҚО мен Павлодар қаласының тумалары. Олардың дауласқаннан кейін қарым-қатынас бұзылған соң осындай зұлымдыққа барғаны белгілі болды. Ауыр қылмыс жасаған күдіктілер Алматыдан ізін суытып, мемлекеттік шекарадан асып кетпек болды», - деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
Ведомствода қазір қаланың криминалдық полиция мүшелері мен Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел-тергеу тобы күдіктілердің Байқоңырдан Алматыға жеткізіліп жатқанын айтты.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Атап өтейік, 14 қыркүйекте күдіктілердің бірінің туыстары Бостандық аудандық ІІБ-ге оның із-түзсіз жоғалғаны туралы айтып хабарлады.
Еске сала кетейік, 7 қыркүйекке қараған түні Алматының қоқыс контейнерінен белгісіз адамның басы мен аяқ-қолдары табылды. Кейін көз жұмған адамның кім екені және оны қай жерде өлтіргені анықталғаны туралы хабарланды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.