деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қылмыс Түрксіб ауданында орналасқан иесіз цехтың ішінде орын алған. «Қазақстандық азамат үй-жайы бола тұра кезбелік өмір сүрген. Қылмыс орын алған күні иесіз цехтың ішінде қонуға қалып, сондағы қаңғыбастармен бірігіп спирттік ішімдік ішкен. Нәтижесінде өзбекстандық азаматпен жанжал туып, арты кісі өліміне соқтырған», дейді Түрксіб аудандық ІІБ-і бастығының орынбасары, полковник Пархат Мадалиев.
Өзбекстандық «қонақ» оның денесін жапырақтармен жауып тастап кеткен. Тек 2 күн өткен соң жергілікті тұрғындар өлікті тауып алған. «Қылмыскер Алматы облысының Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаштан табылды. Ол сонда құрылыс алаңдарының бірінде жұмыс істейтін жерлесінің қасында бой тасалап жүрген. Сондай-ақ оның жақын күндері өз отанына кету жоспары болған. Қазір тексеру-тергеу жұмыстары жүргізілуде», дейді П.Мадалиев.