Бұл туралы бүгін журналистерге ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Олардың қылмыстық әлемдегі байланыстарын тексеру барысында полицейлер олардан бөлек 6 адамнан құралған тағы бір қылмыстық топты анықтап, құрықтады. Олар автотұраққа қарақшылық шабуыл жасап, екі көлікті ұрлаған.
Ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары анықталуда.