Жол апаты Қапшағай көпірінде болған.
28 жастағы «Нива» жүргізушісі тыйым салынған жерден жүгіріп шыққан адамды қағып кеткен. Жалма-жан жапа шеккен адамды қарауға шыққан жүргізушіні жүйіткіген Ланд Ровер қаққан. Алған жарақатынан жігіт сол жерде қаза болды.
Жапа шеккен жүргінші ауруханаға түсті.